көктемгі дала жұмыстары

Жамбыл ауданының диқандары көктемгі дала жұмыстарына білек сыбана кірісіп кетті. Биыл шаруалар 316 мың гектар алқапқа дән сеппек. Егін егу науқаны еш қиындықсыз өту үшін жамбылдық аграрийлер 1 млрд 210 млн теңгеге 48 жаңа техника сатып алған, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Биыл Жамбыл ауданында 316 мың га алқапқа дән сіңіріледі. Соның 229 мың гектарына дәнді, 67,3 мыңы майлы, 16,9 га жерге жем-шөп, 1700 гектарына картоп егу жоспарланған. Бүгіндері алқаптарда 855 трактор жүйіткіп жүр. Оның 244-і өнімділігі жоғары техника. Бұдан бөлек, 1331 астық сепкіш, 88 егіс кешені қолданылуда. Шаруалар көктемгі дала жұмыстарын уақтылы және сапалы жүргізу үшін машина-трактор паркін жаңартқан. Биыл жамбылдық диқандар 1 млрд 210 млн теңгеге 48 жаңа техника сатып алды. Аудан шаруалары маңызды науқанға қажетті 5486 тонна дизель отынын да жеңілдетілген бағамен алып қойған.

Мұндағы ірі агроқұрылымдардың бірі – «Династия Агро» ЖШС-і. Олардың иелігінде 3 мың 800 гектар жер бар. 37 жыл бұрын құрылған шаруашылық жылда дәнді және майлы дақылдарды егеді. Басымдық бидай мен зығырға берілген. Бұдан бөлек, серіктестіктің зығыр өндейтін шағын цехы бар. Алынған өнім толығымен экспортталады.

«Зығыр майын біз Ресей, Қытайға жібереміз. Биылғы жылы Манғолия және Жапония елдерімен де қарым қатынас орнатудамыз. Одан бөлек Оңтүстік Корея және Тайвань мемлекеттерімен келіссөз жүргізудеміз», – дейді «Династия Агро» ЖШС басшысы Владимир Кан.

Тағы оқыңыз: Босанғаннан кейін депрессияға түспеу үшін жүктілікке тиянақты дайындалу керек – психолог

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x