Жыл басынан бері СҚО-да интернет-алаяқтықтың 243 фактісі тіркелді. Киберқылмыстар Петропавлда күн сайын анықталуда, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Полицейлер интернет арқылы жасалатын қылмыстарды тежеп, алдын алу үшін екінші қалалық ауруханаға барды. Мұнда ақхалаттыларға алаяқтардан сақтану жолдары түсіндірілді. Әдетте, айлакерлер интернетке жалған хабарландырулар жариялап, тауарға қол жеткізу үшін алдын ала төлемді талап етеді. Ақшаны алғаннан кейін тұтқаны көтермей, жоғалады. Немесе банк қызметкері ретінде хабарласып, арам ойларын іске асырады. Осы ретте тәртіп сақшылары барынша сақтық танытып, жеке деректерді ешкімге айтпау керектігін тағы бір мәрте еске салады.

“Интернет-алаяқтардың құрығына түспес үшін қаржыға қатысты хабарлаған кез келген ақпаратты ресми арналар арқылы бірнеше рет тексеру қажет. Олардың әдіс-тәсілдері жайлы көпшілікті хабардар ету үшін полицейлер еңбек ұжымдарымен тұрақты түрде кездесіп отырады”, дейді Екінші ПБ бастығы Талғат Смағұлов.

Тағы оқыңыз: Жамбыл ауданының диқандары биыл 48 жаңа техника сатып алған

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x