Қазақстанда 23-35 жас аралығындағы 25 мыңнан астам адам жұмыссыз

Қазақстанда 23 пен 35 жас аралығындағы 25 мыңнан астам адам жұмыссыз жүр. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі оларды екі қолға бір күрекпен қамту үшін sms-хабарламалар жіберді, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Ел азаматтарының барлығы Enbek.kz порталы, халықты жұмыспен қамту орталығы немесе 1414 бірыңғай байланыс орталығы арқылы жұмысқа орналасу бойынша мамандардың кеңесін ала алады. Аталған жүйелерде жұмысынан айырылуына байланысты әлеуметтік төлем тағайындау және басқа да мемлекеттік қолдау шаралары да қарастырылған. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, еліміздегі 25 мыңнан астам жұмыссызға хабарлама жолданды. Онда бір мезгілде жұмыс іздеу, тегін оқудан өту және жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік қолдаудың шаралары жазылған.

Тағы оқыңыз: СҚО-да интернет-алаяқтарға алданатындар азаймай тұр

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x