Петропавлдағы бизнес нысандарының сыртын қалыпқа келтіру керек – Дархан Әмрин

Петропавлдағы қоғамдық тамақтану орындарының, қонақ үйлердің, сауда орталықтарының сыртын, маңайын қалыпқа келтіру керек. СҚО кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы басшысының міндетін атқарушы Дархан Әмрин өзінің Instagram парақшасында бизнес объектілерінің иелеріне арнап осындай жазба қалдырды, деп хабарлайды Qazaqstan Media  тілшісі.

Қазір өңір жетекшісі Айдарбек Сапаровтың бастамасымен облыс орталығын абаттандыру бойынша үш айлық шаралар легі жүріп жатыр. Осының аясында бизнес объектілерінің сыртқы келбеті қалыпқа келтірілуде (қасбеті, терезесі, кіреберісі). Бұл уақытта келісілмеген және тыйым салынған жарнамалар, ескірген баннер конструкциялары да алынып жатыр. Алайда, талапты елемей жатқандар да бар.

«Кеше Қазақстан Конституциясы көшесіндегі 14 қоғамдық тамақтану нысанын абаттандыру барысымен таныстым. Өкінішке қарай, барлық жерде тиісті жұмыс жүргізіліп жатқан жоқ. Сол үшін бизнес өкілдерін қаланы абаттандыру жұмыстарына бейжай қарамай, барынша ат салысуға шақырамын. Облыс орталығының барлық кәсіпкерлері өз нысандарын ретке келтіретініне сенімдімін», – делінген Дархан Әмриннің жазбасында.

 

Тағы оқыңыз: Қазақстанда 23-35 жас аралығындағы 25 мыңнан астам адам жұмыссыз

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x