53 жастағы петропавлдық зейнеткерлерді қолөнер бұйымдарын жасауға үйретіп жүр

53 жастағы петропавлдық сүйікті ісін кәсіпке айналдырған. Түрлі қолөнер бұйымдарын жасап содан табыс тауып отырған Татьяна Елесова, бүгіндері білгенін зейнеткерлерге үйретіп жүр. Ол әр сейсенбі сайын шеберлік сағатын ұйымдастырып тұрады. Қолөнер шеберімен Qazaqstan Media тілшісі тілдесіп қайтты.

Қаладағы Қазақстан Конституциясы көшесі бойындағы жаяу жүргіншілер жолында қолөнер бұйымдарын сатып тұратын саудагерлерді көпшілік жақсы таниды. Ол жерден тоқылған ойыншықтарды, кішкентай балалардың аяқ-киімдерін, қыз-келіншектерге арналған тоқылған білезік, жүзік сынды әшекейлерді сатып алуға болады. Барлығы қолдан жасалған. Бұл заттарды Татьяна Елесова мен оның шеберлік сағатына қатысатын жандар әзірлеген.

«Қолөнермен 1986 жылдан бері айналысып келемін. Сол кезде балабақшалар қысқартыла бастаған еді. Үйде бос отырмай, әшекей бұйымдарды дайындауды қолға алдым. Бастапқыда тек хобби ретінде жасап жүрдім, кейін ақырындап табыс көзіне айналдырдым. Жуырда өзім сияқты жандарға арнап шеберлік сағаттарын ұйымдастыра бастадым. Тауарларды әрдайым жаңартып, тұрғындарды қуантуға тырысамыз», – дейді Татьяна Елесова.

Адамдардың есімдері жазылған браслеттерді жас қыз дайындайды. Ал тоқылған ойыншықтар Светлана есімді жерлесіміздің қолынан шыққан. Бұл тауарлар әсіресе, кішкентай балалардың сұранысына ие. Қолөнер шеберлері жасаған заттарын қаланың орталық көшесінде еркін саудалай алады. Оған 2012 жылы ресми түрде рұқсат берілген.

«Шығарылған заттардың барлығын бірдей сатып алады. Белгілікті бір нәрсеге сұраныс көп деп бөліп-жарып айта алмаймын. Әшекей бұйымдарын көбіне қала қонақтары естелікке деп алып кетеді. Өзіміздің тобымыз бар. Онда тұрақты түрде 15 адам еңбектенеді. Шақырған жәрмеңке, көрмелердің бірінен қалмай қатысып отырамыз», – дейді ол.

Татьяна Елесова бұл іспен өзі ғана айналысып қоймай, Петропавлдағы зейнеткерлерді қолөнерге баулып жүр. Қазір курстарға 10 нәзікжанды қатысып отырады екен. Шеберлік сағаттары аптаның әр сейсенбісінде ұйымдастырылады, сабақтар тегін өтеді.

Тағы оқыңыз: Петропавлдағы бизнес нысандарының сыртын қалыпқа келтіру керек – Дархан Әмрин

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x