Мемлекет басшысы Қазақстан халқына арнаған Жолдауында инклюзивті білім беру инфрақұрылымын дамытуды Үкімет пен өңір әкімдіктерінің алдына міндет етіп қойды. Бұл бастаманы «Балдәурен» бөбекжай-бақшасының директоры Мәдина Дарбаева да қолдайды, деп жазады Qazaqstan Media.

Мәдина Дарбаеваның айтуынша, мұндай балалардың қоғамға бейімделіп, өз мүмкіндіктерін толыққанды жүзеге асыруы үшін мектепке дейінгі ұйымдарда тиісті жағдай жасалуы қажет. Бүгінде елімізде ерекше білім беру қажеттіліктері бар 237 мыңнан астам бала тәрбиеленіп жатыр.

«Қазіргі таңда қаламыз бен облысымыздағы мектепке дейінгі ұйымдарда ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың дамуына, өз бетінше өмір сүруге бейімделуіне көмектесетін тьюторлар мен педагогтер жұмыс істейді. Осындай балалар тәрбиеленіп отырған отбасылар үшін мемлекеттік қолдаудың маңызы зор», – дейді Мәдина Дарбаева.

Сонымен қатар бөбекжай басшысы тұрғын үй құрылысының қарқын алуын да маңызды бастамалардың бірі ретінде атап өтті. Оның сөзінше, жас педагогтердің басым бөлігі сапалы әрі жайлы баспанаға мұқтаж. Жаңа тұрғын үйлердің салынуы мамандардың туған жерінде тұрақтап, еңбек етуіне мүмкіндік береді.

Тағы оқыңыз: Тоқаев көтерген ұстаз беделі мәселесіне ардагер мұғалім үн қосты

 

Поделиться:

Shares