Солтүстік Қазақстан облысында жыл басынан бері 228 есірткі құқықбұзушылығы анықталды. Заңсыз айналымнан 513 келі түрлі есірткі тәркіленді. Бұл туралы Qazaqstan Media хабарлайды.
Солтүстік Қазақстан облысында жыл басынан бері 228 есірткі құқықбұзушылығы анықталды. Оның 110-ы есірткі заттарын өткізу дерегіне қатысты. Заңсыз айналымнан 513 келі түрлі есірткі тәркіленді.
Облыстық полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының мәліметінше, тәркіленген заттардың тоғыз келісі – синтетикалық есірткі. Сонымен қатар өңірге есірткі жеткізумен айналысқан 33 арнаның қызметі тоқтатылды.
Ұсталған азаматтарды талдау олардың шамамен 80 пайызы басқа өңірлерден келгенін көрсеткен. Құқық қорғау органдары есірткі саудасын ұйымдастырушылар мен оған қатысы бар адамдарды анықтау бағытындағы жұмысты жалғастырып жатыр. Бұдан бөлек, жедел-іздестіру шаралары барысында Ақмола және Алматы облыстарында екі жасырын есірткі зертханасы жойылды. Бұл нысандар заңсыз есірткі өндірісін ұйымдастыруға пайдаланылған.
Есірткі саудасы интернет кеңістігінде де бақылауға алынған. Жыл басынан бері синтетикалық психобелсенді заттарды насихаттайтын және тарататын ақпарат орналастырылған 1290 интернет сілтемесін бұғатталғае
«Есірткі қылмысының алдын алу бағытында облыста мыңнан астам шара өтті. Полиция қызметкерлері есірткі қылмысының алдын алу, заңсыз айналым арналарын анықтау және оған қатысы бар адамдарды жауапқа тарту бағытындағы жұмысты жүйелі түрде жалғастырып келеді», — деп хабарлады СҚО ПД баспасөз қызметі.
Тағы оқыңыз: Петропавлда «СҚО Семей полигоны» ҚБ негізін қалаушы Асхат Төлепбергеновті еске алуға арналған кеш өтті

