Қазақстанда eGov Mobile қосымшасы арқылы Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына 6,3 мың өтініш түсті. Азаматтар медициналық қызметтер тарихын тексеріп, құжаттағы мәліметтер мен шын мәнінде алған көмектің арасында сәйкессіздіктер анықтаған, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Енді қазақстандықтар өздеріне қандай медициналық қызмет көрсетілгенін телефон арқылы тексере алады. Ол үшін eGov Mobile қосымшасындағы «Денсаулық» бөліміне кіріп, «Медициналық қызметтер тарихы» сервисін ашу қажет.

Бұл бөлімде медициналық қызметтің атауы, көрсетілген күні мен уақыты және оның қай қаражат есебінен төленгені жазылады.

Кейбір азаматтар жүйеде тіркелген мәліметтердің шындыққа сәйкес келмейтінін байқаған. Олар «Халықтық бақылау» сервисі арқылы Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына шағым жолдаған. Қор мамандары түскен өтініштер бойынша тексеру жүргізіп жатыр. Егер заңбұзушылықтар анықталса, тиісті шаралар қабылданады.

Айта кетейік, «Халықтық бақылау» сервисі азаматтарға медициналық қызметтердің дұрыс тіркелуін бақылауға мүмкіндік береді. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры бұл цифрлық сервисті Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігімен бірлесіп дамытуды жалғастыруда.

Тағы оқыңыз: Қазақстанда зорлық-зомбылық құрбандары дүкен мен дәріханаларды паналай алады

Поделиться:

Shares