Ысқақ Ыбыраев ауылындағы мектеп жөнделіп жатыр

Шал ақын ауданы Ысқақ Ыбыраев ауылындағы мектепте күрделі жөндеу жұмыстары басталды. Нысанды қалыпқа келтіру үшін облыстық бюджеттен 100 млн теңге бөлінген, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Қазіргі таңда Ысқақ Ыбыраев ауылында 500 адам тұрады. Олардың жайлы тұрмысы үшін мұнда барлық жағдайлар жасалып жатыр. Жыл сайын елді мекенді абаттандыру бойынша қажетті жұмыстар жүргізіледі. Бүгіндері тұрғын үйлердің 80%-на су тартылған. Тіршілік көзі «Есіл-су» су құбырынан келеді екен.

«Ыбыраев ауылынан Сергеевка қаласына дейінгі 14 шақырым ауданаралық жолға асфальт төселді. Қаржы республикалық бюджеттен бөлінді. Сомасы – 453 млн теңге. Қазіргі уақытта «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында 195 млн теңгеге ауылішілік жолдар қалыпқа келтіріліп жатыр», – дейді Аютас ауылдық округінің әкімі Серік Шаинов.

Бүгіндері Ыбыраевта байланыспен проблема жоқ. Өйткені, 2022-де ауылға «LC Commerce» компаниясы Altel мұнарасын орнатқан. Көшелер 100 пайыз жарық шамдармен қамтылған. Елді мекенде балаларға арналған ойын алаңқайы да бар. Қазіргі күні жергілікті мектепте 76 оқушы білім алып жүр. Оның 16-сы биыл оқу ордасын аяқтайды.

«М.Ахметбеков атындағы мектепті былтыр 15 оқушы аяқтады. Олардың 80 пайызы грантқа түсті. 1-мамырдан бастап мектепте күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіле бастады. Бұл мақсатқа облыс бюджетінен 100 млн теңге бөлінді. Спортзал да реттеліп жатыр. Айта кетсем, ауылда ұлттық спортқа жақсы көңіл бөлінеді: «Көкпар», «Ат жарыс», «Қазақ  күресінен» жарыстар өткізіліп тұрады», – деді Серік Қабиденұлы.

Мәдениет үйі де жаңартылып жатыр. Биыл облыстық бюджеттен қаржы бөлініп, күрделі жөндеу жүргізілуде. Шаруа шілде айында аяқталады деп жоспарланып отыр.

«Мәдениет үйінің алдында жаңадан «Даңқ аллеясы» салынды. Барша атқарылып жатқан жұмыстарға аудан әкімі Р.Н. Смағұловтың көп еңбегі сіңді. Жергілікті серіктестіктер де қарап қалмай, қолдау көрсетіп отырады», – дейді округ әкімі.

Сонымен қатар, ауылда бірнеше жыл қаңырап тұрған ғимаратқа қайтадан дем беріліп, халық игілігіне пайдалануға берілмекші. 

Тағы оқыңыз: Шекарашылар ірі көлемде есірткі өткізбек болғандарды ұстады

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x