«Қазақстан халқына» қоғамдық қорының қолдауымен Уәлиханов ауданындағы ауылдарда маңызды әлеуметтік жобалар жүзеге асырылуда. Бидайықта жаңа спорт залы ашылса, Ақтүйесай мен Кішкенекөлдегі мектептер заманауи құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілді, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Уәлиханов ауданына «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының басқарма төрағасы Ләззат Чинкисбаева және Солтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы Руслан Әлішев жұмыс сапарымен болды.

Сапар барысында қордың қолдауымен жүзеге асырылып жатқан әлеуметтік жобалардың нәтижелері таныстырылды.

Жұмыс сапары Бидайық ауылынан басталды. Мұнда жаңа модульдік спорт залының ашылу салтанаты өтіп, қонақтар заманауи нысанның мүмкіндіктерімен танысты. Жаңа зал ауыл тұрғындарына, әсіресе балалар мен жастарға спортпен айналысып, бос уақытын тиімді өткізуге қолайлы жағдай жасайды.

Ал, Ақтүйесай ауылындағы орта мектепте «Қазақстан халқына» қорының қолдауымен цифрлық және ғылым кабинеттері жабдықталған. Жобаға 25 млн теңге бағытталған. Жаңартылған кабинеттер оқушылардың білімге қызығушылығын арттырып, жаңа технологияларды меңгеруіне мүмкіндік береді.

Сапар Кішкенекөл ауылындағы №2 орта мектепте жалғасты. Мұнда қордың 250 млн теңге көлеміндегі қолдауының арқасында оқу кабинеттері, STEM-зертхана, арт-студия, «Интеллектум» кабинеті жаңартылды. Шеберханалар, кітапхана, асхана және мектеп телестудиясы жаңартылып, заманауи құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген.

Ауылдардағы осындай жобалар балалардың сапалы білім алуына, спортпен шұғылдануына және шығармашылық қабілеттерін дамытуына жол ашады.

Тағы оқыңыз: https://qaz-media.kz/kk/sqo-daerigerlerine-zamanawi-medicinalyq-aedister-tanystyrylwda/

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *