СҚО-ға ҚР Президентінің Іс басқармасы медициналық орталығының дәрігерлері келді. Білікті мамандар жергілікті мамандарға бар білгендерін үйретуде, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Елордадан келген дәрігерлер екі күн бойы тұрғындармен тілдесіп, кеңес береді. Жергілікті мамандармен тәжірибе алмасады. Сонымен қатар, заманауи диагностика және емдеу тәсілдерін үйретіп, күрделі клиникалық жағдайларды бақылайды. Мәселен, уролог-дәрігер Олжас Жайшыбеков таңнан бастап үш ота жасап үлгерген.


«Жақында облыстық ауруханаға Германиядан ультрадыбыстық қондырғы әкелініпті. Бұл құрылғы арқылы бүйректегі тасты оңай алып тастауға көмектеседі. Біз жергілікті мамандарға оны қолдануды үйретіп жатырмыз. Алдымен ауыз арқылы ішке кішкентай заманауи холангиоскопты енгіземіз. Тас көрінген кезде оған лазерді бағыттап ұсақ құмға айналдырамыз. Кейін қалдықтарды арнайы сорғышпен сорып аламыз», — ҚР Президентінің Іс басқармасы медициналық орталығының уролог-дәрігері Олжас Жайшыбеков.

Облыстық көпбейінді аурухананың урология бөлімшесінде жылына шамамен 1100 ота жасалады. Науқастардың 70 пайызы бүйректегі тасты алып тастау бойынша жүгінеді екен. Айта кету керек, облысқа елордадан хирург, нейрохирург, уролог және гинеколог дәрігерлер келді. Мұндай шаралар медициналық тәжірибені жетілдіріп, өңірде емдеудің заманауи әдістерін кеңінен қолдануға мүмкіндік береді.

 

Тағы оқыңыз: https://qaz-media.kz/kk/tarihi-zhangalyq-2028-zhyly-astanada-fwtboldan-wefa-swperkwbogy-oetedi/

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *