Қазақ футболы үшін тарихи жаңалық! 2028 жылғы футболдан УЕФА Суперкубогы «Astana Arena» стадионында өтеді, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Бұл туралы УЕФА Атқарушы комитетінің Салоникиде өткен отырысында белгілі болды. Осылайша, Қазақстан алғаш рет Еуропа футболындағы беделді клубтық турнирлердің бірін қабылдайды. Дүбірлі дода 2028 жылдың жазында өтеді.

УЕФА Суперкубогы— Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасының жеңімпаздары арасындағы бір ғана матчтан тұратын ресми кездесу. Дәстүр бойынша ойын тамыз айының ортасында өтеді. Қазақстан футбол федерациясы бұл шешімді ел футболы тарихындағы маңызды белес деп бағалап отыр. Айта кету керек, матч алдында «Astana Arena»-ға табиғм газон төселеді.

Тағы оқыңыз: https://qaz-media.kz/kk/sqo-da-azyq-tuelik-baghasyn-koetergen-kaesipkerlerge-54-mln-tengge-ajyppul-salyndy/

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *