Солтүстік Қазақстан облысында «Таза Қазақстан» республикалық бағдарламасы аясында «Eco Move Qyzyljar» экологиялық акциясы өтті. Петропавлдағы «Тұңғыш Президент» саябағында ұйымдастырылған шараға өңірдің түкпір-түкпірінен жиналған жастар, волонтерлер мен белсенділер қатысты, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Акцияның мақсаты – жастар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру, табиғатқа ұқыпты қарауды насихаттау және қоршаған ортаны қорғауға бағытталған бастамаларды қолдау.
Қатысушылар экологиялық және спорттық, командалық сайыстарға қатысты. Сонымен қатар, интерактивті ойындарды ойнап, шығармашылық тапсырмаларды орындады.

«Eco Move Qyzyljar» шарасы Солтүстік Қазақстанда жыл сайын ұйцмдастырылады. 2025 жылы акцияға 500-ден астам жас қатысты. Биыл олардың көңілінен көтерумен қатар, демалыс орнын тазалайтын боламыз», — деді СҚО «Жастар мәслихаты» ҚБ төрағасы Тимур Әлжанов.

Биыл да жастар ортақ мақсат жолында бірігіп, қаламызды таза ұстауға өз үлестерін қосты. Бұл акция қатысушылар қоршаған ортаға қамқорлық әр адамның өзінен басталатынын көрсетті.

«Eco Move Qyzyljar» акциясы «Таза Қазақстан» бағдарламасының міндеттерін жергілікті деңгейде жүзеге асыруға бағытталған. Мұндай бастамалар жастарды қоғамдық жұмыстарға белсенді араластырып қана қоймай, таза әрі жасыл болашақ құруға үндейді. Қатысушылар шара барысында сурет салып, шығармашылық тапсырмалар орындады және командалық ойындарға қатысты. Осылайша экологиялық мәдениет туралы білімдерін тәжірибе жүзінде бекітті.

СҚО-ның түкпір-түкпірінен келген жастар Петропавлда бас қосты
СҚО-ның түкпір-түкпірінен келген жастар Петропавлда бас қосты

Ұйымдастырушылардың пікірінше, интерактивті формат жастардың қызығушылығын арттырып, табиғатты қорғау мәселесіне бейжай қарамауға ықпал етеді.

СҚО-ның түкпір-түкпірінен келген жастар Петропавлда бас қосты
СҚО-ның түкпір-түкпірінен келген жастар Петропавлда бас қосты

«Бұл бастама азаматтардың қоршаған ортаға деген жауапкершілігін арттырып, экологиялық мәдениетті дамытуға бағытталған. Біздің мақсатымыз – жай ғана іс-шара өткізу емес, адамдарды табиғатты сақтауға белсенді қатысуға ынталандыру. Ұйымдастырушы ретінде мен үшін ең маңыздысы – жастардың бүгін алған білімін күнделікті өмірде қолдануы. Мемлекет қолдау көрсетіп отырған осындай бастамалар қаламыз бен еліміздің таза әрі экологиялық тұрғыдан қолайлы болуына ықпал етеді деп сенеміз», — деді шараны ұйымдастырушы Анастасия Волкова

Тағы оқыңыз: Үкімет «Digital Qazaqstan» стратегиясын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарын бекітті

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *