Теріскейлік тәртіп сақшылары Айыртау ауданының 35 жастағы тұрғынының ақшасын қайтаруға көмектесті. Ол өзін интернет дүкеннің сатушысымын таныстырған алаяққа алданып қалған, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Оқиға желісіне тоқталсақ, нәзікжанды скутер сатып алмақ болған. Ол үшін танымал интернет-сервистен хабарландыру іздеген.  Қалағанын тапқан. Бірақ сатушы алаяқ болып шықты.

Белгісіз азамат қос дөңгелекті көлік құнының жартысын алдын ала аударуды сұраған. Ал төлемді алғаннан кейін ол байланысқа шықпайды. Осыдан кейін әйел аудандық полиция бөліміне жүгінеді.

Құқық қоргау органдарының қызметкерлері сатушыны дереу анықтады. Ол 18 жастағы онтүстік өңірлерінің бірінде тұратын жас жігіт болып шықты.

«Азамат келтірілген шығынды, яғни 50 мың теңгені толық өтеді. Айта кетейік, жыл басынан бері СҚО-да хабарландыру сайттары мен әлеуметтік желілер арқылы сауда жасауға байланысты 32 интернет-алаяқтық фактісі тіркелген», — деп хабарлады СҚО ПД баспасөз қызметі.

Тағы оқыңыз: СҚО-ның түкпір-түкпірінен келген жастар Петропавлда бас қосты

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *