Қазақстанда цифрландыру мен жасанды интеллектіні дамытуға бағытталған ауқымды жұмыстар жалғасады. Үкімет 2029 жылға дейінгі «Digital Qazaqstan» жалпыұлттық стратегиясын іске асыру  жоспарын бекітті, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Тиісті қаулыға Премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды. Құжат Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығын жүзеге асыру мақсатында әзірленген. 

Білім беру саласында жасанды интеллект кеңінен енгізіледі

Жоспардың негізгі басымдықтарының бірі – білім берудің барлық деңгейінде ЖИ технологияларын пайдалану. AI-SANA бағдарламасын кеңейту арқылы 2029 жылға қарай мектеп, студенттердің кемінде 80%-ы жасанды интеллектінің базалық дағдыларын меңгеруі тиіс. 2028 жылға қарай колледждер мен жоғары оқу орындарының кемінде 80%-ы білім беру процесіне жасанды интеллект технологияларын енгізеді.

Медицина да цифрлық форматқа көшеді

Денсаулық сақтау саласында да деректерді басқарудың бірыңғай жүйесіне көшу жоспарланып отыр. Азаматтардың медициналық ұйымдарға жеке баруын қажет етпейтін цифрлық сервистердің үлесі артады.2029 жылға қарай медициналық өзін-өзі қызмет көрсету сервистерін пайдаланатын азаматтар саны көбейтіледі. 

Экономиканың негізгі салалары да цифрланады

Цифрлық трансформация энергетика, өнеркәсіп, құрылыс, көлік, логистика және агроөнеркәсіптік кешенді қамтиды. Мәселен, жылу-энергетика кешенінде 2029 жылға қарай активтердің кемінде 70%-ын цифрлық мониторинг жүйесіне қосу жоспарланған. Бұл нысандардың жағдайын нақты уақыт режимінде бақылап, ықтимал ақаулар мен қауіптерді алдын ала анықтауға мүмкіндік береді.

«Сонымен қатар энергия ресурстарының қозғалысын бастан-аяқ цифрлық бақылау жүйесі кеңейтіледі. «Digital Qazaqstan» стратегиясы мемлекеттік қызметтерден бастап білім беру, медицина, қала инфрақұрылымы мен экономикаға дейінгі негізгі салаларды қамтитын цифрлық өзгерістердің бірыңғай бағытын қалыптастырады», — деп жазылған Үкімет хабарламасында.

Тағы оқыңыз: Қазақстанды Ресеймен байланыстыратын республикалық маңызы бар автожол жөнделуде

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *