Петропавлда «Алтын Орда — тарихи сана және бабалар аманаты» атты ғылыми-танымдық конференция өтті. Тағылымы мол шараны облыстық ардагерлер кеңесі ұйымдастырды, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

«Біз төл тарихымызды таныған сайын, бүгінгі Қазақстанның тамыры қаншалықты тереңде жатқанын анық сезінеміз. Ал Алтын Орда мұрасын жан-жақты зерделеу арқылы Ұлы даланың әлемдегі орнын айқындап қана қоймай, халқымыздың қалыптасуы мен дамуындағы сабақтастықты көре аламыз». Бұл — облыстық мемлекеттік архивінің директоры Сәуле Мәлікованың пікірі. Оның сөзінше, Алтын орданың теріскейге де тікелей қатысы бар.

СҚО-дағы тарихи ескерткіштер Алтын Орда кезеңімен сабақтасып жатыр
СҚО-дағы тарихи ескерткіштер Алтын Орда кезеңімен сабақтасып жатыр

«Уәлиханов ауданындағы Қызыл оба ескерткішінде Жошының ұрпақтары мекендеген. Аталған аумақта бірнеше мазар табылды. Күнделікті тұрмысқа қажетті заттар да анықталды», — деді Солтүстік Қазақстан мемлекеттік архивінің директоры.

Алтын Орда — Ұлы дала өркениетінің дамуына елеулі үлес қосқан ірі мемлекет. Ата-бабаларымыз кезінде тек қана соғысып қана қоймай, Еуразияның ұлан-ғайыр кеңістігін игерген, қалалар салған, сауда жолдарын дамытқан. Төл тарихымызды терең білу арқылы біз өткенді бағалап қана қоймай, одан тағылым аламыз. Бүгінімізді байыппен саралап, болашаққа жауапкершілікпен қараймыз. Бүгінгі маңызды шараның өткізудегі басты мақсат та осы.

Тағы оқыңыз: https://qaz-media.kz/kk/imei-kody-zhoq-telefon-satyp-aldyngyz-ba-aqshany-qajtarwgha-bolady/

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *