Солтүстік Қазақстан облысында өрт қауіпті кезеңде қоқыс алаңдарының жануы басты мәселелердің бірі болып отыр. Биылдың өзінде облыста қоқыс алаңдарының өртенуіне қатысты төрт жағдай тіркелген. Оның екеуі Қызылжар ауданында, екеуі Жамбыл ауданында болған, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Өңірлік төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, соңғы үш жылда облыста қатты тұрмыстық қалдықтар төгілетін орындарда 37 өрт тіркелген. Мұндай өрттерді сөндіру бірнеше тәуліктен екі аптаға дейін созылуы мүмкін. Кейбір қоқыс алаңдары жаз бойы бықсып жанып жатады. Мысалы, Бәйтерек және Шаховское ауылдарындағы полигондарда осындай жағдай жиі байқалады. Бұл қоршаған ортаға зиян келтіріп қана қоймай, жақын маңдағы елді мекендерге, орман алқаптарына және ауыл шаруашылығы жерлеріне қауіп төндіреді.

Биылдың өзінде облыста қоқыс алаңдарының өртенуіне қатысты төрт жағдай тіркелген. Оның екеуі Қызылжар ауданында, екеуі Жамбыл ауданында болған.

«3 сәуірде Кладбинка ауылы маңындағы қоқыс алаңы өртеніп, жалын құрғақ шөпке ауысқан. Өрт шамамен 1 гектар аумақты шарпыды. Тексеріс кезінде полигон периметрі бойынша минералды жолақ жасалмағаны анықталған. Осы үшін Кладбин ауылдық округі әкімінің аппараты әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 432 500 теңге айыппұл салынды»,-деді СҚО ТЖД бастығы Жомарт Асқаров. 

Баяндамашының айтуынша, қоқыс алаңдарындағы өрттердің басты себебі — алдын алу жұмыстарының уақытында жүргізілмеуі. Әсіресе құрғақ шөп пен қамысты шабу, қоқыс алаңдарының айналасына минералды жолақ салу жұмыстары кешігіп жатыр.

6 сәуірден бастап өңірде өрт қауіпті кезең басталды. Осы уақыт ішінде 7 орман өрті және құрғақ шөп пен қамыстың жануына байланысты 172 жағдай тіркелген. Өрт жалпы 77 гектар аумақты шарпыған. Зардап шеккендер жоқ.

Төтенше жағдайлар департаменті жергілікті атқарушы органдарға қоқыс алаңдарын бақылауды күшейтуді, минералды жолақтарды уақытылы жасауды, құрғақ шөп пен қамысты шабуды және елді мекендер маңындағы өрт қауіпсіздігін қатаң сақтауды тапсырды.

Тағы оқыңыз: СҚО-да жануарлардан зардап шеккендер саны 67 пайызға өскен

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *