Солтүстік Қазақстан облысында облыс ішіндегі әлеуметтік маңызы бар автобус бағыттарының жолақысын өзгерту жоспарланып отыр. Әкімдік қаулысының жобасы «Ашық НҚА» порталында жарияланды, деп жазады Qazaqstan Media.

Қазір мұндай бағыттарда жол жүру тарифі бір шақырымға тоғыз теңге болып белгіленген. Бұл баға 2024 жылдың наурыз айынан бері қолданыста.

Жаңа жобаны Солтүстік Қазақстан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы әзірлеген.

Құжатта тарифті өзгерту қажеттілігі тасымалдаушылардың шығындарымен түсіндіріледі. Жаңа баға экономикалық жағынан негізделіп, сонымен бірге тұрғындар үшін қолжетімді болуы тиіс.

Алайда әзірге тарифтің нақты қанша теңгеге өзгеретіні көрсетілмеген. Қаулы жобасы 23 қыркүйекке дейін қоғамдық талқылауда болады.

Тағы оқыңыз: Дауыс зорайтқышы бар дрон тұрғындарды жол ережесін бұзбауға шақырды

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *