[et_pb_section fb_built=»1″ admin_label=»section» _builder_version=»4.16″ global_colors_info=»{}»][et_pb_row admin_label=»row» _builder_version=»4.16″ background_size=»initial» background_position=»top_left» background_repeat=»repeat» global_colors_info=»{}»][et_pb_column type=»4_4″ _builder_version=»4.16″ custom_padding=»|||» global_colors_info=»{}» custom_padding__hover=»|||»][et_pb_image src=»https://qaz-media.kz/wp-content/uploads/2023/01/WhatsApp-Image-2023-01-30-at-14.45.58-1.jpeg» align=»center» _builder_version=»4.18.0″ _module_preset=»default» global_colors_info=»{}»][/et_pb_image][et_pb_text _builder_version=»4.18.0″ _module_preset=»default» global_colors_info=»{}»]

Өңірдегі «Регион 715» ЖШС «Жайлы мектеп» ұлттық жобасына қатысуды жоспарлап отыр. Кәсіпорын жасайтын корпустық жиһаздар қазірдің өзінде үлкен сұранысқа ие, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

«Регион 715» серіктестігі балабақша, мектеп және жоғары оқу орындары үшін корпустық жиһаз әзірлейді. Былтыр Қазақстанның барлық өңіріне өз өнімдерін саудалаған. Нәтижесінде 2 мыңнан астам арнайы кабинет жабдықталған. Олардың ішінде STEM-зертханалар, физика, химия, биология кабинеттері мен асханалар және киімжайлар бар. Болашақта компания «Жайлы мектеп» ұлттық жобасына қатысуды жоспарлап отыр.

«»Жайлы мектеп» ұлттық жобасына дайындалып жатырмыз. Қазір шикізат қорын молайтудамыз. Жаңадан қондырғылар алдық. Жақында Италиядан тағы бір құрылғы жеткізіледі. «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының өкілдерімен кездесіп, әңгімелестік. Жобаға міндетті түрде қатысамыз»,- дейді «Регион 715» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары Александра Русина.

2023-2025 жылдар аралығында Қазақстанда «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 401 білім ошағын салу көзделген. Оның 4-еуі СҚО-да тұрғызылмақ.

«Ұлттық жоба аясында салынатын мектептер заманауи қондырғылармен қамтылады. Жиһаздар да соңғы үлгіде болады. Айта кетерлігі, оқу ошақтары индустриялдық сертификаты бар отандық компаниялардың корпустық жиһазымен қамтылады. Біздің өңірде қазір мұндай 2 серіктестік жұмыс істейді»,- СҚО кәсіпкерлер палатасының сарапшысы Магамед Дудаев.

«Жайлы мектеп» ұлттық жобасын жүзеге асыру үшін ел қазынасынан 2,6 трлн теңге бөлінсе, соның 3/1 бөлігі қондырғылар мен жиһаз сатып алуға жұмсалмақ.

[/et_pb_text][/et_pb_column][/et_pb_row][/et_pb_section]

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x