[et_pb_section fb_built=»1″ admin_label=»section» _builder_version=»4.16″ global_colors_info=»{}»][et_pb_row admin_label=»row» _builder_version=»4.16″ background_size=»initial» background_position=»top_left» background_repeat=»repeat» global_colors_info=»{}»][et_pb_column type=»4_4″ _builder_version=»4.16″ custom_padding=»|||» global_colors_info=»{}» custom_padding__hover=»|||»][et_pb_image src=»https://qaz-media.kz/wp-content/uploads/2023/01/WhatsApp-Image-2023-01-30-at-11.43.40-1.jpeg» _builder_version=»4.18.0″ _module_preset=»default» align=»center» hover_enabled=»0″ sticky_enabled=»0″][/et_pb_image][et_pb_text _builder_version=»4.18.0″ _module_preset=»default» global_colors_info=»{}»]

СҚО-да барлық деңгейдегі мәслихаттардың бұрынғы депутаттары есептік кездесулер өткізді. Олар партиялықтарға өз жұмыстарының нәтижелері туралы баяндады, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Жамбыл аудандық мәслихатының экс-депутаты Лариса Топорова Архангелка және Троицкое ауылдарындағы бастауыш партия ұйымдарының өкілдеріне екі жыл ішінде қандай жұмыс атқарылғаны туралы айтып берді. Ол денсаулық сақтау, ТКШ және әлеуметтік саладағы түрлі мәселелерді шешудің сәті түскенін атап өтті. Бұрынғы депутат әріптестерімен бірге күрмеуі қиын мәселелерді өз күштерімен шешуге және аудандық құрылымдармен жұмыс істеуге тырысқанын атап өтті.

Сонымен қатар, есеп беру кездесулері аясында «AMANAT» партиясы Мамлют аудандық филиалының төрайымы Алтын Сағитова Дубровинское ауылындағы партия мүшелерімен кездесті. Ол жетінші шақырылым басталғаннан бері барлығы 33 сессия өткізілгенін, оның ішінде 15 кезекті және 18 кезектен тыс сессия өткізілгенін айтты. Барлығы 280 мәселе, соның ішінде – 146 нормативтік-құқықтық акті қаралды. Қарастырылып отырған барлық мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылданды.

«7-ші шақырылым депутаттары аудандық маңызы бар және кентішілік жолдарды, мектептерді, Мәдениет үйлерін күрделі жөндеу барысына тұрақты түрде мониторинг жүргізді. Депутаттың жұмысы тек сессия өткізумен шектелмейді, олардың қызметінде азаматтармен жұмыс ерекше рөл атқарады. Есепті кезеңде «AMANAT» партиясының қоғамдық қабылдау бөлмесінде аудандық мәслихат депутаттары 111 қабылдау өткізді, 115 сайлаушы жеке мәселелері бойынша жүгінді, 47% оң шешілді, өтініштердің 53%-на түсініктеме берілді», – деді Алтын Сағитова.

Ал Ақжар ауданы Дәуіт ауылында экс-депутаттар «Ленинградское» бастауыш партия ұйымының мүшелері алдында есеп беріп қана қоймай, 7-ші шақырылым депутаттарының қатысуымен тікелей осы елді мекенде сәтті іске асырылған жобаларды талқылады.

Бүгінде ауылда тұрғындардың тұруы үшін барынша қолайлы жағдай жасалған. Мысалы, елді мекен орталық сумен жабдықталған, барлық кентішілік жолдарға асфальт төселді, «Ленинградское-Дәуіт» автожолының 12 км учаскесіне күрделі жөндеу жүргізілді.

«Сіздер біздің жұмысымызды күнделікті көріп-біліп жүрсіздер. Ауыл тұрғындары үшін электр энергиясы тарифін арзандату мақсатында жаңа электр желісі тартылды. Енді станция маңайындағы көшелердің тұрғындары электр энергиясы үшін  бұрынғы тарифтен 10 теңгеге  арзанырақ ақы төлейтін болады. Бұл жобаларды іске асыру «AMANAT» партиясының Сайлауалды бағдарламасының Жол картасын орындаудың арқасында жүзеге асты» – деп атап өтті Оксана Киккаринова.

Айта кету керек, есеп беру кездесулері кезінде партиялықтар ауыл тұрғындарының өмірін одан әрі жақсарту бойынша ұсыныстарын жеткізді. Барлық тілектер мен өтініштер Сайлауалды бағдарламаны әзірлеу кезінде пайдаланылатын болады.

[/et_pb_text][et_pb_text _builder_version=»4.18.0″ _module_preset=»default» global_colors_info=»{}» custom_padding=»||0px|||»][/et_pb_text][/et_pb_column][/et_pb_row][/et_pb_section]

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x