Смирново ауылындағы стадион жөнделіп жатыр

Қазіргі уақытта Аққайың ауданы Смирново ауылындағы стадионда жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл шаруаға 150 млн теңге бағытталған. Осы уақытқа дейін қаржының 100 млн-ы игерілді, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Смирново ауылындағы стадион бірнеше жылдар бойы жөндеуді қажет еткен еді. Биыл мұнда шаруа басталып, трибуналар мен жарықтандыру жүйесі жаңартылып жатыр. 600 адамға арналған орындықтар да орнатылды. Стадионға 7200 шаршы метр газон төселді. Аумақтағы футбол, волейбол алаңдары да жөнделіп, стадионның өңі кіріп қалды.

«Стадионды жөндеу жұмыстарына елордалық компания жауапты. Негізі сметалық-құжаттама бойынша жасалуы тиіс жұмыстардың басым бөлігі атқарылды. Ендігі кезекте стадионның сыртына жаңа қоршау орнатылады. Жалпы көлемі – 4 метрді құрамақ. Алаңға «Жас ұрпақ» деп жазу жазылады. Ол алыстан көрініп тұратын болады», – дейді Смирнов ауылдық округінің әкімі Айгүл Жүнісбаева.

Стадиондағы жөндеу жұмыстары осы айдың аяғында мәресіне жетуі тиіс. Содан кейін маңай артық заттардан тазартылып, ел игіліне пайдалануға беріледі. Ал шілде айының ортасында мұнда «Ақ бидай» спорттық ойындары өтеді деп жоспарланған.

Тағы оқыңыз: 1 шілдеден бастап әлеуметтік төлемдердің мөлшері өседі

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x