әлеуметтік төлем

1 шілдеден бастап мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан еңбек қабілеттілігінен және асыраушысынан айырылған адамдарға тағайындалатын төлемдердің мөлшері 14,5%-ға өседі, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Осы жылдың 1 қаңтарынан бастап бұл төлемдердің 8,5%-ға өскенін ескерсек, жылдық қорытындысы бойынша 23%-ға артады. Жалпы ай сайын орта есеппен екі жарым мыңға жуық адам мүгедектігі бойынша 1600 азамат асыраушысынан айырылу бойынша жәрдемақы алады.

«Әлеуметтік төлемдерді арттыру қосымша құжатарды қажет етпейді. Ол автоматты түрде республика бойынша 92 мыңға жуық еңбекке қабілетілігінен айырылған азаматтарға және асыраушысынан айрылған 61 мың отбасына жүзеге асырылады»,-дейді «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ СҚО бойынша филиалы директорының м.а Гүлнәр Қапенова.

Тағы оқыңыз: СҚО-ның 2 ауылы ішімдіктен бас тартты

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x