СҚО-да сүт өндірісі 4,4%-ға өсті

Биыл Солтүстік Қазақстан облысында сүт өндірісі 4,4%-ға өсті. Бұл жайында өңір жетекшісі Айдарбек Сапаров Орталық коммуникациялар алаңында өткен брифинг барысында баяндады, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Аққайыңдар өлкесінде мал шаруашылығымен қатар, сүт өндірісі де айтарлықтай дамып келеді. Мәселен, осы жылдың 5 айы ішінде өндіріс көлемі 4,4%-ға ұлғайған. Бұл ретте соңғы жылдары бой көтерген заманауи, өнімділігі жоғары тауарлы-сүт кешендерінің алар үлесі зор.

«Соңғы 2 жылда сүт зауыттарының қуаты 20%-ға ұлғайды. Мысал ретінде, «Евразиан Милк» зауытын атап өткім келеді. Фермаларды ашу есебінен кәсіпорынның жүктемесі ірімшіктің қатты түрлерін шығаруға мүмкіндік берді. Зауыт толық қуатқа шыққан кезде жылына 6 мың тоннаға дейін ірімшік өндіретін болады. Бүгінгі күні қажеттілік 2,7 мың тоннаны құрайды», – деді Айдарбек Сапаров.

Алдағы уақытта кәсіпорын қоюланған сүт өндіруді жоспарлап отыр. Цехтың қуаттылығы жылына 12 мың тоннаны құрайды. Айта кетсек, биыл тағы 17 нысанның құрылысы жүріп жатыр. Олардың жалпы қуаты 13 мың басты құрамақ. 9 кешен жыл соңына дейін іске қосылады.

«Фермалар ауылдық жерлерде салынып жатыр. Бір кешен кем дегенде 50 жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді. Құрылыс жұмыстары әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы арқылы қаржыландыру жөніндегі пилоттық жобаны іске асырудың арқасында қолға алынды. Жоба бойынша пайыздық мөлшерлеме небәрі 2,5%-ті құрайды, қаражат 10 жылға дейінгі мерзімге беріледі, жеңілдік кезеңі – 2 жыл», – деді облыс әкімі.

Тағы оқыңыз: Смирново ауылындағы стадион жөнделіп жатыр

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x