Шетелде құрылған 79 учаскелік сайлау комиссиясының барлығы өз жұмысын аяқтады. Өзге елде жүрген қазақстандықтар да саяси науқанға белсенді қатысқан екен, деп жазады Qazaqstan Media.

Жалпы 61 елде 9623 қазақстандық дауыс берді. Осылайша, сайлаушылардың қатысу көрсеткіші 84,8%-ды құрады, деп хабарлады ҚР Сыртқы істер министрлігі.

Құрылтай сайлауында ең соңғы болып АҚШ-тың Сан-Франциско қаласындағы отандастарымыз дауыс берді. Ондағы сайлау учаскесі Астана уақытымен кеше сағат 19:00-де ашылып, бүгін таңғы 08:00-де жабылды.

Шетелдегі сайлау комиссияларының барлық хаттамалары Орталық сайлау комиссиясына тапсырылды. Енді ОСК сайлаудың жалпы қорытындысын ресми түрде жариялайды.

Тағы оқыңыз: Таңдау жасалды. Қазақстанда Құрылтай сайлауында дауыс беру аяқталды

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *