23 тамыз сағат 20:00-де Қазақстанда алғаш рет өткен бір палаталы Құрылтай депутаттарын сайлауда дауыс беру аяқталды.
Солтүстік Қазақстан облысында бүгін 543 сайлау учаскесі жұмыс істеді, оның 92-сі Петропавлда орналасқан. Сайлау науқанына өңір бойынша 3 мыңнан астам комиссия мүшесі жұмылдырылды. Бұл күн СҚО-да тек дауыс берумен ғана емес, ерекше сәттерімен де есте қалды. Алғаш рет таңдау жасаған жастар, сайлауға бірге келген бірнеше буын өкілдері мен тұтас әулеттер, 80-90 жастан асқан қариялар да азаматтық белсенділік танытты. Ұлттық киім киген тұрғындар мен өнер ұжымдары сайлау учаскелеріне ерекше көңіл күй сыйлады.
Перинаталдық орталықтағы жас аналар мен жүкті әйелдер тасымалданатын жәшік арқылы дауыс берсе, сайлау күнінің алғашқы жартысында орталықта үш сәби – екі қыз бен бір ұл дүниеге келді.
Сағат 20:00-де учаскелер жабылды. Енді сайлау комиссиялары дауыстарды санауға және қорытынды шығаруға кіріседі.
Тағы оқыңыз: Ән мен тәттілерін ала келген «Әжелер» тобы Новоишим ауылында дауыс берді

