Петропавлдағы мамандандырылған ХҚКО-ның автодромы қайта жүмысын бастады. Ол бір айдан астам уақыт жөндеу көрген болатын, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-ның СҚО бойынша филиалы Петропавл қаласындағы мамандандырылған ХҚКО автодромындағы жөндеу жұмыстары аяқталғанын хабарлайды. 24-тамыздан бастап көлік жүргізу алаңы келушілер үшін ашық. Жүргізу бойынша практикалық емтихандар мен сынақ жүргізу штаттық режимде өткізіледі.

«Жөндеу жұмыстарына байланысты практикалық емтихан немесе сынақтан өту күнін ауыстыруға мәжбүр болған азаматтар жаңа күнді «ЦОН» мобильді қосымшасы арқылы таңдауы қажет», — делінген «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-ның СҚО бойынша филиалының хабарламасында.

Тағы оқыңыз: Солтүстік Қазақстанда бидай арзандап жатыр: кейбір сұрыптардың бағасы бір аптада 13 мың теңгеге түсті

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *