СҚО прокуратурасындағы ауыс-түйіс. Мағжан Жұмабаев және Қызылжар ауданының прокурорлары ауысты, деп хабарлайды Qazaqstan Media.
ҚР Бас Прокурорының бұйрығымен әділет кеңесшісі Қайсар Оралұлы Әбішев Мағжан Жұмабаев ауданының прокуроры лауазымына тағайындалды. Прокуратура органдарында 20 жылға жуық еңбек етіп келеді.
«Ол әр жылдары Жамбыл ауданы, Петропавл қ. прокурорының көмекшісі, облыс прокуратурасының басқарма прокуроры, аға прокуроры, Петропавл қаласы прокуратурасының бөлім бастығы, Мағжан Жұмабаев ауданы, Петропавл қ. прокурорының орынбасары болған 2023 жылғы мамырдан бастап осы уақытқа дейін Қызылжар ауданының прокуроры лауазымында болды», — делінген СҚО прокуратурасы хабарламасында.
Ал Қызылжар ауданының прокуроры лауазымына кіші әділет кеңесшісі Марат Аюпов тағайындалды. Марат Мұхтарұлы прокуратура органдарындағы еңбек жолын 2015 жылы бастаған.
«Әр жылдары Мамлют, Қызылжар аудандары прокурорының көмекшісі, облыс прокуратурасының басқарма прокуроры, аға прокуроры, Петропавл қаласы прокуратурасының бөлім бастығы, Солтүстік Қазақстан облысы прокуратурасының қоғамдық мүдделерді қорғау басқармасы бастығының орынбасары лауазымдарында қызмет еткен. 2023 жылғы қыркүйектен бастап осы уақытқа дейін Солтүстік Қазақстан облысы прокуратурасының қоғамдық мүдделерді қорғау басқармасының бастығы болды», — делінген хабарламада.
Тағы оқыңыз: Петропавлдағы мамандандырылған ХҚКО-ның автодромы қайта іске қосылды

