Алдағы күндері Солтүстік Қазақстан облысында аптап ыстықтың беті қайтып, жаңбыр жаууы ықтимал. Синоптик мамандардың мәліметінше, еліміздің басым бөлігінде күн күркіреп, жауын жауады, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Қазгидромет өкілдерінің дерегінше, 8-9 маусымда өңірде сынап бағанасы қазіргіден аздап төмендейді. Бұл күндері термометр бағамы +20+28°С-ды көрсетеді деген болжам бар. Мұндай температура солтүстік-батыста, орталықта және шығыста сақталмақ.

«9 маусымда солтүстікте, ел орталығында қатты жаңбыр, бұршақ жауады және шаңды дауыл соғады. Күндіз 8 маусымда шығыста, 8-9 маусымда оңтүстік-шығыста аптап ыстық болып, температура +41°С-қа дейін жетеді», – деп таратты синоптиктер.

Тағы оқыңыз: Петропавлда жылу желілерінің 68%-ның тозығы жеткен

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x