[et_pb_section fb_built=»1″ admin_label=»section» _builder_version=»4.16″ global_colors_info=»{}»][et_pb_row admin_label=»row» _builder_version=»4.16″ background_size=»initial» background_position=»top_left» background_repeat=»repeat» global_colors_info=»{}»][et_pb_column type=»4_4″ _builder_version=»4.16″ custom_padding=»|||» global_colors_info=»{}» custom_padding__hover=»|||»][et_pb_image src=»https://qaz-media.kz/wp-content/uploads/2023/02/WhatsApp-Image-2023-02-01-at-16.15.18-1-1.jpeg» align=»center» _builder_version=»4.18.0″ _module_preset=»default» global_colors_info=»{}»][/et_pb_image][et_pb_text _builder_version=»4.18.0″ _module_preset=»default» hover_enabled=»0″ global_colors_info=»{}» sticky_enabled=»0″]

Соңғы 15 жыл ішінде СҚО-да 104 елді мекен жойылған. Бүгінгі күннің өзінде өңірде тұрғындар саны 50 адамға да жетпейтін ондаған ауыл бар, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Күні кеше өңірге ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Бауыржан Омарбеков келіп кетті. Шенеунік ең алдымен Қызылжар ауданына қарасты Новоникольское ауылына барды. «Зенченко и К» КС арқасында елді мекен дамып келеді. Бірақ аймақтағы барлық бірдей ауылдардың жағдайы мәз емес. Облысымызда соңғы 15 жыл ішінде 104 елді мекен таратылған. Бұл туралы министрлік өкілдерімен өткен жиын барысында айтылды.

«Елдегі ауылдардың 50,6%-ында жолдарды күрделі жөндеуден өткізу керек. Елді мекендердің 65,5%-ында ғана тіршілік көзі қолжетімді. Бұл бағыттағы жұмыстар СҚО, Қостанай және Ақмола облыстарында ақсап тұр. Арнайы талдау барысында ауылдағы ағайынның еңбекақысы төмен екендігі де анықталды. Жан басына шаққанда көрсеткіш 42 мың теңгені құрайды», – деді ҚР ҰЭМ өңірлік даму департаменті директорының орынбасары Нұрлан Мақсұтов.

Одан бөлек елді мекендердің 17,5%-ында медициналық мекемелер жоқ. Сондай-ақ, ауылдағы ағайынның 26%-ы сапалы интернетке қол жеткізе алмай отыр. Министрлік өкілдері ауылдардың тамырына қайтадан қан жүгіртуге болады дейді. Сондықтан олар арнайы жоба әзірлеген.

«Бұған дейін біз Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Алматы және Жетісу облыстарында болдық. Онда аграрийлармен және жергілікті тұрғындармен тілдестік. Ауқымды талдау жүргізілді. Нәтижесінде елді мекендерді дамыту бойынша жаңа жобалар мен іс-шаралар жасалды. Бүгіндері ауылдарды дамыту бойынша 2023-2027 жылдарға арналған тұжырымдама әзірленіп, қызу талқылануда. 5 жылға жоспарланған концепцияның негізгі бағыты – ауылдағы экономиканы дамыту және ағайынның күнкөрісін жақсарту. Ол үшін ауыл шаруашылығы кооперативтеріне жеңілдетілген несие беру көзделіп отыр. Сондай-ақ, инвестициялық жобаларды Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы арқылы қаржылай қолдау жоспарланған. Ауылға білікті мамандарды тарту жұмыстары да мықтап қолға алынбақ», деді ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Бауыржан Омарбеков.

[/et_pb_text][/et_pb_column][/et_pb_row][/et_pb_section]

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x