Облыстық онкологиялық орталыққа 16-22 қазан аралығында 786 өтініш түскен. Осы кезеңде 147 рецепт беріліп, 113 медициналық-дәрігерлік кеңес өткізілді, деп хабарлайды Qazaqstan Media.
Бір апта ішінде 35 адам диспансерлік есепке алынды. Оның 12-сінде аурудың бірінші сатысы, ал екі науқастан төртінші сатысы анықталған. Тұрғындар ем қабылдауды бастады.
Бір аптада онкологиялық орталыққа 800-ге жуық өтініш түскен. Тұрғындарға 150-ге жуық нұсқаулық берілді. Сонымен қатар, 100-ден астам кеңес өткізілді.
«Жаман ауру анықталған тұрғындары біздің жіті бақылауымызда. Ем қабылдауды бастады. Әр тұрғынның өмірі үшін күресеміз», — деп хабарлады онкологиялық орталық.
Тағы оқыңыз: Азамат Мағзұмов: Дәрігерлерге бар жағдай жасалуы тиіс

