Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Табиғи монополияларды реттеу департаментінің басшысы Дамир Тоқтамысов жаңа қызметке тағайындалды. Ол енді ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарады, деп хабарлайды Qazaqstan Media.
Дамир Тоқтамысов жаңа лауазымға комитет төрағасының бұйрығымен тағайындалды. Ол 2022 жылдың ақпан айынан бастап Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Табиғи монополияларды реттеу департаментін басқарған.
Дамир Сабырұлы 1985 жылы дүниеге келген. Үш жоғары оқу орнында білім алған. 2008 жылы С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетін, 2011 жылы Қарағанды экономикалық университетін бітірген. Ал 2026 жылы ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын тәмамдаған.
Еңбек жолын 2008 жылы Астанадағы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің департаментінде бастаған. Жетекші маманнан бөлім басшысына дейін көтерілген.
Кейін су және жылумен жабдықтау салаларын реттеу бағытында басшылық қызметтер атқарған. Соңғы төрт жылдан астам уақыт Солтүстік Қазақстан облысында жұмыс істеді.
Әзірге өңірлік департаменттің жаңа басшысы кім болатыны туралы ақпарат жарияланған жоқ.
Тағы оқыңыз: СҚО-да спорт нұсқаушылары жетіспейді

