28 қазанда, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауын жариялайды. Президенттің сөзі сағат 11:00-де басталады, деп хабарлайды Qazaqstan Media.
Ақорданың мәліметінше, іс-шараға Құрылтай депутаттары, Үкімет пен Қазақстан Халық Кеңесінің мүшелері, орталық мемлекеттік органдардың басшылары, қоғам және еңбек ұжымдарының өкілдері қатысады.
Мемлекет басшысының Жолдауы республикалық телеарналардан және Ақорданың әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларынан тікелей эфирде көрсетіледі.
Тағы оқыңыз: 28-ші қазанда магистратура мен докторантураға түсуге өтініш қабылдау басталады

