[et_pb_section fb_built=»1″ admin_label=»section» _builder_version=»4.16″ global_colors_info=»{}»][et_pb_row admin_label=»row» _builder_version=»4.16″ background_size=»initial» background_position=»top_left» background_repeat=»repeat» global_colors_info=»{}»][et_pb_column type=»4_4″ _builder_version=»4.16″ custom_padding=»|||» global_colors_info=»{}» custom_padding__hover=»|||»][et_pb_image src=»https://qaz-media.kz/wp-content/uploads/2023/02/2.jpg» _builder_version=»4.18.0″ _module_preset=»default» hover_enabled=»0″ sticky_enabled=»0″][/et_pb_image][et_pb_text _builder_version=»4.18.0″ _module_preset=»default» global_colors_info=»{}»]

Аграрлық несие корпорациясы биылдан бастап жастарға жеңілдетілген шағын несие береді. Оған 21 мен 35 жас аралығындағы отандастарымыз үміт арта алады, деп хабарлайды Qazaqstan Мedia тілшісі.

Несиенің жылдық үстемеақысы 2,5% құрайды. Ол 5 жылға дейін беріледі. Ал егер қаржы ұйымына жүгінген адамның жобасы мал шаруашылығына қатысты болса, онда қарыз 7 жылға дейін рәсімделеді. Кепілдік міндетті түрде ұсынылуы шарт. Осы орайда қоса кетейік, азамат ауылмен қатар қаладағы мүлкін де кепілге қоя алады. Қазір «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ СҚОФ ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерден өтініш қабылдап жатыр. Жолданған өтініш негізінде кәсіпкерлерге несие ұсынылмақ.

«2022 жылдың қорытындысы бойынша «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ СҚОФ жалпы құны 38,5 млрд теңге болатын 977 өтінішті мақұлдады. Бұл көлем 2021 жылы ұсынылған несиеден 32% немесе 9,3 млрд теңгеге көп. Қарыздың басым бөлігі көктемгі дала жұмыстары мен орақ науқанын жүргізу және техника мен қондырғы сатып алу үшін берілді»,- дейді «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ СҚО бойынша филиалының директоры Алмат Қожахметов.

[/et_pb_text][/et_pb_column][/et_pb_row][/et_pb_section]

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x