СҚО-да мамандар 16 ауылды жарықпен қамтамасыз ете алмай отыр

СҚО-да жарықсыз қалған 150 ауылдың әлі 16-сында электр энергиясы жоқ. 5 күннен бері тас қараңғыда отырған тұрғындарға қашан жарық берілетіні де әзірге белгісіз. Өйткені, мамандар желілерді қалыпқа келтіре алмай отыр, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Жөндеу жұмыстарын жүргізуге ауа райы кедергі келтіріп отыр дейді монополист компанияның баспасөз қызметіндегілер. Соған қарамастан мамандар желілерді қалыпқа келтіру жұмыстарын жалғастыруда.

«Жөндеу жұмыстары Аққайың, Есіл және М. Жұмабаев аудандарында жалғасуда. Бүгінгі күні әлі 1175 абонент жарықсыз отыр. Бұл – 16 ауылдың тұрғындары. Ауа райының қолайсыздығына қарамастан 55 техника мен 41 маман қалыпқа келтіру жұмыстарын жүргізіп жатыр», – делінген «Севказэнерго» АҚ баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Тағы оқыңыз: Петропавлда әскери институттың 15 курсанты қызылша жұқтырды

 

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x