Петропавлда әскери институттың 15 курсанты қызылша жұқтырды

Петрпавлдағы ҚР Ұлттық ұлан академиясының 15 курсанты қызылша жұқтырған. Мұны өңірлік коммуникациялар орталығында өткен брифингте СҚО санитариялық-эпедимиологиялық бақылау департаментінің басшысы Әсет Жұматаев айтты, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Қазіргі таңда облыста қызылшаға қатысты эпидахуал тұрақсыз. Індеттің бірнеше ошағы анықталған.Оның бірі -әскери институт. Мұнда 15 курсант қызылша жұқтырып, ем алуда.

«Әскери институттың өзі жабық мекеме деуге болады. Науқас курсанттармен қатынаста болғандардың барлығы екпе алды. Олардың денсаулықтары және өзге де әскерилер арасында індеттің таралмауын дәрігерлер бақылауда ұстап отыр»,- деді Әсет Жұматаев

Тағы оқыңыз: Тайынша ауданына биыл 57 отбасы көшіп келген

 
Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x