СҚО-да 1661 бала қызылшаға қарсы екпе алды

Солтүстік Қазақстанда қызылшаға қарсы екпені 256 пункте алуға болады. Оның 28-і облыс орталығында орналасқан, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Бүгінгі күні өңірде 47 адам қызылша жұқтырып, тіркеуде тұр. Дертке шалдыққандардың көбі 17 жастан асқандар.  Науқастардың 86% – ы екпе алмағандар екен.

«Екпе алмаудың түрлі себептері бар. Кейбірі қарсы болса, енді біреулері вакцина салуға жастары келмеген. Бұл балаларға қатысты. Кейбірінде медициналық көрсеткіш болды. Қызылша жұқтырғандардың 42-сі қала тұрғыны», – деді облыстық санитариялық-эпедимиологиялық бақылау департаментінің басшысы Әсет Жұматаев.

Қосымша жаппай иммундау шарасы аясында СҚО-да 1661 балаға вакцина салынды. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, қазіргі таңда өңірде екпенің 9624 дозасы бар. Оның 6 мыңнан астамы медициналық ұйымдарға таратылған, қалғаны қоймада сақтаулы. Сонымен қатар тағы 30 мың доза вакцинаға тапсырыс берілді. Ол желтоқсан айында жеткізіледі.

Тағы оқыңыз: СҚО-да мамандар 16 ауылды жарықпен қамтамасыз ете алмай отыр

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x