[et_pb_section fb_built=»1″ admin_label=»section» _builder_version=»4.16″ global_colors_info=»{}»][et_pb_row admin_label=»row» _builder_version=»4.16″ background_size=»initial» background_position=»top_left» background_repeat=»repeat» global_colors_info=»{}»][et_pb_column type=»4_4″ _builder_version=»4.16″ custom_padding=»|||» global_colors_info=»{}» custom_padding__hover=»|||»][et_pb_image src=»https://qaz-media.kz/wp-content/uploads/2023/02/WhatsApp-Image-2023-02-01-at-11.37.21-1.jpeg» align=»center» _builder_version=»4.18.0″ _module_preset=»default» global_colors_info=»{}»][/et_pb_image][et_pb_text _builder_version=»4.18.0″ _module_preset=»default» hover_enabled=»0″ global_colors_info=»{}» admin_label=»Text» sticky_enabled=»0″]

СҚО-да мүмкіндігі шектеулі жандар әлеуметтік қызметтерді алу рәсімдерін жеңілдетуді сұрайды. Бұл туралы олар «AMANAT» партиясының мүшелерімен өткен кездесулер барысында айтты, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Солтүстік Қазақстан облысында «AMANAT» партиясының мүшелері өтініштер мен ұсыныстар жинау үшін халықпен кездесуде. «Кедергісіз келешек» партиялық жобасы аясындағы кездесулер барысында мүгедек адамдарға арналған әлеуметтік жәрдемақыларды арттыру және қызметтерді жақсарту мәселесі қозғалды.

Мысалы, Мамлют ауданында ауыл тұрғындары мүгедектігі бойынша зейнетақыдан алимент алу, сондай-ақ қызметтерді ресімдеуді жеңілдету бойынша заңнамаға өзгерістер енгізуді ұсынды.

«Біз санаторий-курорттық емдеуді ресімдеу рәсімін жеңілдетуді сұраймыз. Көп құжат жинау керек, бұл қиын. Бұл процесті қандай да бір жолмен жеңілдетуге, құжаттар тізімін қысқартуға бола ма?», – деді аудан тұрғыны Суфия Саитова.

Көпбалалы ана Сағынгүл Жетібаева партияның Жамбыл аудандық филиалына әлеуметтік жәрдемақы көлемін ұлғайту туралы өтінішпен жүгінді.

«Бізге, көпбалалы аналарға қатысты заңнамаға өзгеріс енгізілгені қажет. Біз ай сайын 23 мың теңге аламыз. Қоғамдық көлікте жүру, кинотеатрға, театрға, мұражайға және басқа да оқу және ойын-сауық мекемелеріне бару үшін ақы төлеуден бастап әлеуметтік жеңілдіктер болғанын қалаймыз», – деді Сағынгүл Жетібаева.

Кездесулерде партиялықтар сайлауалды бағдарламаны әзірлеу кезінде барлық өтініштер мен тілектер қаралып, ескерілетініне сендірді. Айта кетейік, қазір сайлауға дайындыққа байланысты партияның қоғамдық қабылдау бөлмелері халыққа көмек көрсету және кеңес беру жұмыстарын уақытша тоқтатты.

[/et_pb_text][/et_pb_column][/et_pb_row][/et_pb_section]

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x