[et_pb_section fb_built=»1″ admin_label=»section» _builder_version=»4.16″ global_colors_info=»{}»][et_pb_row admin_label=»row» _builder_version=»4.16″ background_size=»initial» background_position=»top_left» background_repeat=»repeat» global_colors_info=»{}»][et_pb_column type=»4_4″ _builder_version=»4.16″ custom_padding=»|||» global_colors_info=»{}» custom_padding__hover=»|||»][et_pb_image src=»https://qaz-media.kz/wp-content/uploads/2023/02/WhatsApp-Image-2023-01-31-at-18.00.17-1.jpeg» align=»center» _builder_version=»4.18.0″ _module_preset=»default» global_colors_info=»{}»][/et_pb_image][et_pb_text _builder_version=»4.18.0″ _module_preset=»default» global_colors_info=»{}»]

300-ге жуық петропавлдық кәсіпкерге жылу төлемі әлдеқайда жоғары коммуналдық түбіртек келген. Олардың мәселесі «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының облыстық филиалында қаралды, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Өткен жылдың соңында көпқабатты үйлердің астында орналасқан сауда, тамақтану және қызмет көрсету орындарының иелері жылу төлемі бұрынғыдан 2-2,5 есе көп түбіртек алған. Кәсіпкерлер базыналарын «Севказэнергосбыт» ЖШС жеткізіпті. Монополист компания өкілдері «Енді төлем жаңа әдіс бойынша есептеледі», деп жауап қатқан.

«Жаңашылдықты «Севказэнергосбыт» ЖШС коммерциялық мақсатта енгізді деп ойлаймын. Бұған мен кәміл сенімдімін. Олар біз арқылы табыс тапқысы келеді»,- дейді «Риск» кәсіпкерлер одағы» ҚБ басқарма төрағасы Игорь Бухонин.

Бұл пікірге «Севказэнергосбыт» ЖШС бас директоры Мағауия Сағандықов үзілді-кесілді қарсы. Ол мұндай өзгеріс еліміз бойынша орын алғанын айтады.

«Министрдің «Тарифтерді қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы» №90 бұйрығы бар. Сол жерде өзгеріс жайлы анық жазылған. Кәсіпкерлерді сол құжатпен танысуға шақырамын»,- дейді «Севказэнергосбыт» ЖШС бас директоры Мағауия Сағандықов

Монополист компания өзгерісті тұтынушыға алдын ала хабарламапты. Осыны алға тартқан тарифтер бойынша республикалық кеңестің сарапшысы Александр Казанцев серіктестіктің ісі заң бұзушылық деп атады және шешімге өзгеріс енгізу қажеттігін айтты.

[/et_pb_text][/et_pb_column][/et_pb_row][/et_pb_section]

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x