СҚО-да байланыс пен интернет сапасы жақсарады

Алдағы уақытта облыстағы байланыс пен интернеттің сапасын жақсарту үшін тиісті шаралар қолға алынады. Бұл жайында облыс әкімінің орынбасары Сәтжан Аблалиев және қала әкімі Руслан Аңбаевпен кездескен «Beeline Қазақстанның» бас атқарушы директоры Евгений Настрадин айтты, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Соңғы уақытта өңірде байланыстың нашарлап кеткені жасырын емес. Оған сигнал күшейткіштерінің орнатылуы әсер еткен. Сондай-ақ, түзету мекемелерінің аумағында ұялы байланыс сигналын басатын құрылғыларды пайдаланудың салдарынан жақын маңдағы тұрғындар зардап шеккен. Ол жақта байланыс сапасы мүлдем төмендеген.

«Қазіргі уақытта интернет біздің күнделікті өміріміздің ажырамас бөлігіне айналып отыр. Біз әрбір тұрғын үшін байланысты қолжетімді етуге тырысып жатырмыз. Бұл – біздің облысымызды дамытуда маңызды рөл атқаратын факторлардың бірі», – деді Сәтжан Аблалиев.

Ал, Евгений Настрадин болса әріптестікке дайын екендерін жеткізді. Сөйтіп, алдағы уақытта облыста қажетті шаралар қолға алынып, байланыс пен интернеттің сапасы жақсармақ.

«2022 жылы біз «LTE everywhere» жобасын іске қостық, соның арқасында аймақтағы үш жүзден астам Beeline базалық станциялары 4G желісімен жабдықталды. Осыған қарамастан, интернет сапасы әлсіз аумақтар әлі де бар. Олқылықтардың орнын толтыру үшін қажетті жұмыстар атқарылатын болады. Сіздермен әріптестігіміз жалғасады, мәселені біржақты етуге тырысамыз», – деді бас атқарушы директор.

Тағы оқыңыз: Адал еңбек еткен адам ғана мақсатына жетеді – Асхат Ғайсин

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x