кәсіпкер

Биыл Ғабит Мүсірепов ауданының тұрғыны жұмыс қолғабын шығаратын цех ашқан. Мұнда күніне 100-150 дана дайын өнім шығарылады, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Ғабит Мүсірепов ауданында «Бастау бизнес» жобасы сәтті іске асырылып келеді. Биыл бағдарлама бойынша 57 адам курстан өтіп сертификат алған. Осылайша, өз ісін өрге домалатып жатқандардың қатары көбейген. Жобаны сәтті пайдаланғандардың бірі – Дмитрий Макаров. 33 жастағы кәсіпкер жұмыс қолғабын шығаратын шағын цех ашқан. Бағдарлама аясында алынған грантқа ол қолғап тоқитын 2 құрал-жабдық пен  мата торлағыш машина сатып алды. Бүгінгі таңда мұнда күніне 100-150 дана қолғап шығарылады.

кәсіпкер

«Көптен бері қолғап шығаратын шағын цех ашқым келді. Сәтін салып жоба арқылы осы мүмкіндікке ие болдым. Қаржы қолға тигеннен кейін бірден істі бастап кеттім. Берілген қаражатқа 2 станок сатып алдым. Әрқайсысының құны 650 мың теңге. Қолғапқа қажетті мақтаны қаладан арнайы тапсырыспен алдыртамын. Тұрғындар арасында сұраныс жоғары», – дейді Дмитрий Макаров.

кәсіпкер

Тағы оқыңыз: СҚО-да байланыс пен интернет сапасы жақсарады

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x