еңбек адамы

Еңбек адамының қоғамда қашанда орны ерекше, абыройы биік. Олар маңдай терімен адал нан тауып, туған жерінің гүлденуіне ат салысады. Сондай жандардың бірі – Асхат Ғайсин. Өмірінің 40 жылын  ауыл шаруашылығы саласына арнаған жанмен Qazaqstan Media тілшісі тілдесті.

Тимирязев ауданының диқандары көктемгі дала жұмыстарын аяқтауға шақ қалды. Бүгіндері алқаптардың 70-80 пайызында шаруа тындырылған. Жерге дән сіңіріп, егін егу ісіне өз үлесін қосып жүргендердің арасында Асхат Ғайсин де бар.  

еңбек адамы

«Күндіз алқапта жүрсем, кешке үйде бау-бақша егіп, мал бағам. Барлығы бала-шағам мен немерелерімнің қамы. Адал еңбек еткен адам ғана мақсатына жетеді. Осыны балаларыма да үнемі айтып отырамын», – дейді Асхат Ғайсин.

Бақытын еңбектен тапқан Асхат Есмақұлы көпбалалы отбасында дүниеге келген. Ол жастайынан шаруаға араласып, әке-шешесіне қолғабыс еткен. 1977-ші жылы мектеп тәмамдағасымен ауданда темір ұстасы болып жұмыс істейді. 1978-1980-ші жылдары Отан алдындағы борышын өтеп келген соң, жүргізуші мамандығын меңгереді. Содан көлік базасына орналасып, ауыл шаруашылығы техникасын басқарады.

«2005-ші жылы Тимирязев ауылындағы  «Коканов Е.О.» шаруа қожалығына жұмысқа кірдім. Онда ЗИЛ автокөлігін жүргіздім. Кейін шаруашылық «Есей-Агро» ЖШС-нің құрамына өтті. Сол уақыттан бері осы жерде еңбек етіп жүрмін. Комбайн, трактор сынды түрлі ауыл шаруашылығы техникасын басқарамын. Бүгіндері автопарк заманауи көліктермен толықтырылып жатыр. Әрине, біздің кезімізде мұндай техника болған емес. Қазір жұмыс істеу әжептеуір жеңілдеген. Ең бастысы еңбек етуден шаршамау қажет», – дейді еңбек адамы.

Асхат Есмақұлының екі ұл мен бір қызы бар. Бүгіндері олардан 8 немере сүйіп отыр. Бос уақыттын да соларға арнайды.

Тағы оқыңыз: 31 мамыр – саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x