Солтүстік Қазақстан облысына жан-жақтан гуманитарлық көмек келе бастады. Сәуірдің 10-ы күні Астана қаласынан тауарлар жеткізілмек, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі.

Су тасқынынан зардап шеккендерге гуманитарлық көмекті алғашқылдардың бірі болып «Асар Уме» ұйымы жіберді. Олар құтқарушы жилеттері, резеңке қайықтар, су соратын помпаларды, ұзын қоныш резеңке етіктер мен ұн, су жіберіпті. Бұл көмек Есіл және Шал ақын аудандарына жөнелтілді.
Сонымен қатар, сәуірдің 10-ы күні облысқа бас қаладағы Lider.Kz қоғамдық ұйымы жіберген гуманитарлық көмек келеді.

«Біз Lider.Kz қоғамды ұйымына гуманитарлық көмек жайында хабарладық. Бізге еріктілер де, мекемелер де көмектесіп жатыр. Ірі сауда орындары да жәрдемдесті. Кейбір заттарды өз қаражатымызға сатып алды. Біз олардың барлығын реттеп, қораптарға салып қойдық. Ертең жолға шығамыз», – деді қор өкілі.

Тағы оқыңыз: СҚО-да үйлері судан зардап шеккен тұрғындарға жаңа баспана салынады

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x