СҚО-дан Париждегі Олимпиадаға 8 спортшы баруы мүмкін

Солтүстік Қазақстан спортшылары ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарына дайындықты бастады. Жарыс 2024 жылы 26 шілде мен 11 тамыз аралығында Парижде өтеді. Әзірге, жерлес спортшылардың қоржынында екі лицензия бар, деп жазады Qazaqstan Media.

Жолдамаға алғашқылардың бірі болып велоспортшы Алексей Луценко қол жеткізген. Ол Азиадада жеңіп алған алтын және күміс медальдарының арқасында Олимпиаданың топтық және жеке жарыстарында өнер көрсетеді.

«Қазір ең маңызды ойындарға қызу дайындық жүріп жатыр. Бізде лицензия алуға тағы жеті үміткер бар. Ол дзюдодан Назгүл Маратова, еркін күрестен Нұрқожа Қайпанов, жеңіл атлетикадан Михаил Литвин, велотректен Артем Захаров, грек-рим күресінен Данияр Каленов, бокстан Наталья Богданова. Әмір Закиров брейкингте ел намысын қорғауға дайын. Ол осы спорт түріндегі әлемнің үздік 10 спортшысының қатарына кіреді», — деді СҚО дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Сергей Мелехов.

Олимпиададан бірінші орын алған спортшыларға республикалық бюджеттен 250 мың доллар, екінші орынға – 150 мың, үшінші орынға қол жеткізген спортшыға – 75 мың доллар төленеді екен. Облыстық қазынадан да чемпиондар үшін марапаттар қарастырылған. Сергей Мелеховтың айтуынша, қола жүлдеге ие болған жерлесімізге Петропавл қаласынан 1 бөлмелі пәтер кілті табысталады. Күміс медаль ұтып алған спортшы 2, ал алтын медальды қанжығасына байлағандарға 3 бөлмелі пәтер беріледі.

Тағы оқыңыз: Петропавл ЖЭО-ның мұржасын салуға бюджеттен қаржы бөлінген жоқ

Поделиться:

Shares
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x