Петропавл қаласының №2 соты жол-көлік оқиғасынан кейін сақтандыру төлемінің мөлшерімен келіспеген автокөлік иесінің талабын қанағаттандырды. Жүргізуші сақтандыру компаниясымен соттасып, 2 миллион теңгеден астам қаражат өндіріп алды, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Іс материалдарына сәйкес, жол апатына кінәлі жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Оның азаматтық-құқықтық жауапкершілігі сақтандыру компаниясында сақтандырылған.

Алғашында сақтандыру компаниясы көлікті жөндеуге қажет шығынды 674 мың теңге деп бағалаған. Бұл сомаға келіспеген көлік иесі тәуелсіз бағалаушыға жүгініп, залал көлемі 2,3 миллион теңгеден асатынын анықтатқан.

Кейін ол сақтандыру омбудсманына шағымданған. Омбудсман төлем мөлшерін 873 мың теңгеге дейін ұлғайтқанымен, көлік иесі бұл шешіммен де келіспей, сотқа жүгінген.

Сот барысында автокөлік-тауартану сараптамасы тағайындалды. Сарапшының қорытындысына сәйкес, автокөлікті қалпына келтіруге қажетті шығын амортизациялық тозуды ескере отырып 1 млн 829 мың 499 теңгені құрады.

Сот осы қорытындыны негізге алып, сақтандыру компаниясының бұрынғы есебін дұрыс емес деп таныды. Нәтижесінде компаниядан автокөлік иесінің пайдасына 1 млн 829 мың 499 теңге сақтандыру төлемі өндірілді.

Бұған қоса, сот шығындары да сақтандыру компаниясының мойнына жүктелді. Жалпы өндірілген қаражат көлемі 2 млн 39 мың 821 теңгені құрады. Сот шешімі апелляциялық сатыда өзгеріссіз қалып, заңды күшіне енді.

Тағы оқыңыз: Құрылтай депутаттығына 7 партия 546 кандидатты ұсынды

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *