Петропавл қаласының прокуратурасы «Таза Қазақстан» тұжырымдамасын іске асыру аясында экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге және қала тұрғындары арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған жұмыстарды жалғастыруда, деп жазады Qazaqstan Media.

Акцияны өткізу барысында ұшқышсыз ұшу аппараттарын пайдалану, сондай-ақ рейдтік іс-шаралар шеңберінде қала аумағында 20-дан астам заңсыз қоқыс үйінділері анықталды.

Акция басталғалы бері Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 505-бабы бойынша 450 хаттама жасалды, ал ӘҚБтК-нің 434-2-бабы бойынша 50 адам жауапкершілікке тартылды.

ҚР ӘҚБтК-нің 434-2-бабына сәйкес, ортақ пайдаланылатын орындарды ластау 10 АЕК (43 250 теңге) мөлшерінде айыппұл салуға немесе 40 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға әкеп соғады.

ҚР ӘҚБтК-нің 505-бабы 1-бөлігіне сәйкес, абаттандыру қағидаларын бұзу ескерту жасауға немесе 20 АЕК (86 500 теңге) мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

Прокуратура экологиялық нормалар мен абаттандыру қағидаларын сақтау әрбір азаматтың міндеті екенін еске салады.

Қоршаған ортаның тазалығы тек мемлекеттік органдардың қызметіне ғана емес, әрбір адамның жеке жауапкершілігіне де байланысты.

«Таза Қазақстан» — бұл бір реттік акция емес. Экологиялық мәдениетті қалыптастыруға, табиғатқа ұқыпты қарауға және келешек ұрпақ алдындағы жауапкершілікті арттыруға бағытталған маңызды қадам.

Тағы оқыңыз: Петропавлда жүргізуші сақтандыру компаниясымен соттасып, 2 миллион теңгеден астам қаражат өндіріп алды

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *