Петропавл ЖЭО-ның мұржасын салуға бюджеттен қаржы бөлінген жоқ

Петропавл жылу электр орталығының құлаған мұржасын салуға бюджеттен қаржы бөлінген жоқ. Жөндеу жұмыстарын кәсіпорын өз мойнына алған, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Бүгіндері Петропавл жылу электр орталығындағы құлаған мұржаны қалыпқа келтіру жұмыстары тоқтап тұр. Өйткені, құбыр қисық салына бастаған болатын. Сөйтіп, тамыз айында мердігерлер оны қайта бұза бастады. Ал қазіргі таңда онда кезекті сараптама жүргізілуде.

«Сараптаманың қорытындысы желтоқсан айының 9-ы күні шығады. Содан кейін мұржаны толық бұзамыз ба, әлде 21 метрге дейін ғана бұзылады ма сол анықталатын болады. Айта кетейін, жылыту маусымына бір мұржаның жоқтығы еш кедергі келтіріп жатқан жоқ. Құрылыс жұмыстарын бақылуда ұстап отырмыз», – дейді облыс әкімі

Құлаған құбырды инвестор өз қаражаты есебінен жөндеуде. Жалпы, 12 млрд теңге бөлді.

«Осы қаржыға қазандықтар жаңартылып, құбыр салынуда. Барлығын инвестор бөлген. Яғни, жылу электр орталығын жөндеуге бюджеттен ақша қарастырылмаған», – деп нақтылады Ғауез Нұрмұханбетов.

 

Тағы оқыңыз: СҚО-ның 125 ауылында халық саны 50-ге де жетпейді

 

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x