Солтүстік Қазақстан облысының полицейлері 2022 жылдан бері халықаралық іздеуде жүрген 30 жастағы Қазақстан азаматын Түркияда ұстады, деп хабарлайды Qazaqstan Media.
Күдіктіні іздеу жұмыстарын СҚО полиция департаментінің криминалдық полиция басқармасы мен ҚР ІІМ Криминалдық полиция департаментінің қызметкерлері бірлесіп жүргізген. Операцияға Қазақстанның Анталья қаласындағы Бас консулдығы да қолдау көрсеткен.
Тергеу дерегінше, ер адам 2021 жылдың тамыз-қыркүйек айларында сыбайластарымен бірге бірнеше азаматтың сеніміне кіріп, 6 миллион теңгеден астам қаражатын иемденген.
16 шілдеде күдікті Түркиядан Қазақстанға депортацияланды. Қазір оған қатысты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Жыл басынан бері СҚО полицейлері алаяқтық жасағаны үшін іздеуде жүрген төрт адамды ұстаған. Қылмыстық істер бойынша келтірілген жалпы шығын 568 миллион теңгені құрайды.
Тағы оқыңыз: Петропавлда жалға берілетін пәтерлерге рейд жүргізілуде

