Петропавлдағы Копай шағын ауданында болашақ құрылыс аумағына кіретін үйлердің тұрғындары баспаналарын қашан сатып алатынын әлі күнге дейін білмейді. Бұл мәселе қала әкімі Серік Мұхамедиевтің тұрғындармен есептік кездесуінде көтерілді, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Тұрғындардың айтуынша, инвестор нақты мерзімді айтпай, барлық сұрақ бойынша әкімдікке жүгінуге кеңес береді.

Қала әкімі бұл жобаны мемлекет емес, жеке инвестор жүзеге асырып жатқанын түсіндірді. Сондықтан тұрғын үйлерді меншік иелерінен сатып алу жұмысын да инвестор жүргізеді.

«Инвестор жобаны келесі жылдың соңына дейін аяқтауды жоспарлап отыр. Сол себепті биыл аумақты босатып, құрылыс жұмыстарын бастау қажет», – деді Серік Мұхамедиев.

Қазіргі таңда алты жер теліміне қатысты құжаттарды рәсімдеу мәселесі шешіліп жатыр. Олардың иелері қажетті құжаттарды толық рәсімдемеген. Бұл бағытта заң талаптарына сәйкес құжаттарды реттеуге көмек көрсетілуде.

Жалпы, инвестор Копай шағын ауданындағы үйлерді сатып алу жұмыстарын биыл бастауды жоспарлап отыр.

Тағы оқыңыз: Сәуле Мәлікова: Жаңа саяси модель Құрылтай сайлауынан басталады

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *