Құрылтай депутаттарының сайлауына дайындық облыс орталығында ғана емес, өңір аудандарында да қарқынды жүргізілуде. Ғабит Мүсірепов ауданында сайлаушылар тізіміне 24 087 адам енгізілген. 23-тамыз күні мұнда 42 учаскелік сайлау комиссиясы жұмыс істейді, деп хабарлайды Qazaqstan Media.
Ауданда бір аумақтық сайлау комиссиясы қызмет етеді. Қазіргі уақытта учаскелік комиссиялар ұйымдастыру жұмыстарына кірісіп, сайлау учаскелерін дайындап, тұрғындарға қажетті ақпаратты әзірлеуде. Сайлау учаскелерінде қазақ және орыс тілдерінде ақпараттық тақтайшалар мен күнтізбелер орнатылған.
Ақпараттық-түсіндіру жұмыстары ауданның елді мекендерін де қамтыды. Алдағы сайлау туралы барлығы 16 ақпараттық баннер орналастырылды.
«Қазіргі таңда негізгі жұмыс сайлау учаскелерін дайындауға және халықты ақпараттандыруға бағытталған. Тұрғындардың алдағы сайлау туралы қажетті мәліметті алдын ала алып, өздерінің сайлау құқығын жүзеге асыру тәртібімен танысуы маңызды», – деп хабарлады Ғабит Мүсірепов ауданы әкімдігі.
Сонымен қатар, ауданда сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуге арналған арнайы орындар белгіленді. Үгіт материалдарын орналастыру үшін 44 арнайы ақпараттық қалқан орнатылды. Ауданда сайлауға дайындық жұмыстары екіншң тамызда басталды. Еске сала кетейік, Құрылтай депутаттарының сайлауы 23 тамызда өтеді
Тағы оқыңыз: Дәнекерлеушіден зауыт иесіне дейін: кәсіпкер Бескөлдің көркін өзгертті

