Полицейлер домофонды ауыстыру туралы жалған ақпарат тарап жатқаны туралы ескертеді, деп хабарлайды Qazaqstan Media  тілшісі.

Қазіргі кезде облыс тұрғындарының мессенджерлері мен әлеуметтік желілерде QR- код арқылы домофон ауыстыруға болады деген ақпарат тарап жатыр. Мұны полицейлер жалған хабарландыру дейді және азаматтарды алаяқтардың арбауына түсіп қалмауға шақырады.

«Әлеуметтік желілерде желі қолданушылары домофонды ауыстыру туралы басқарушы компаниялардың бірінің хабарландыруы таратылуда.  Ол жалған ақпарат. Осы сияқты хабарландыруларда көрсетілетін QR-кодтарды сканерлемеңіздер және күмәнді сілтемелер арқылы өтпеңіздер. Адамдардан тек ресми ақпаратқа сенуді не болмаса домофонды жөндеумен айналысатын қызмет көрсетуші компанияларына хабарласуын сұраймыз», — дейді СҚО ПД Криминалдық полиция басқармасының бастығы Марат Жұмалиев.

Айта кету қажет, осыған ұқсас хабарландыру соңғы уақытта көрші елдердегі желі қолданушыларының арасында, атап айтқанда, ресейлік пабликтерде және ВКонтакте желісіндегі қауымдастықтарда да белсенді тарауда.

 Тағы оқыңыз: СҚО-да тапа-тал түсте жас қызды тонап кетті

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x